Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі жасөспірім ата-анасынан ұрлаған $9 мыңға Астанада "қыдырған"

Опубликовано:

Үстіміздегі жылдың ақпан айының аяғында Алматы облысының Есік қаласында Дәулет және Тынышбек атты он бес жасар екі бала із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

Жоғалған балалардың ата-аналары да полицияға тек екі күннен соң хабарласқан. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Тазабекова мәлім етті.

"Жоғалған жасөспірімдерді іздеу жұмысына жергілікті полиция қызметкерлері мұғалымдер мен олардың жақын-туыстарын да тартты. Жоғалған балалар анда-санда достары мен туыстарына телефон шалып тұрған, бірақ өздерінің қайда екенін ешкімге айтпаған", - деп әңгімеледі болған жайтты баспасөз қызметінің өкілі.

Жоғалғандар телефон нөмірлерін әлсін-әлсін ауыстыра бергендіктен, олардың қай жерде екенін анықтау полиция қызметкерлері үшін қиынға соқты. Олар жалға алған пәтерлерін де жиі ауыстырып отырған.

Бірақ тәртіп сақшыларынан қанша қашса да екі жасөспірім жуырда Алматы қаласынан Астана қаласына келген жерде қолға түсті. Қашқындардың айтуынша, олар осы уақыт ішінде ата-аналарынан жымқырып кеткен 9 мың АҚШ долларына қыдырып жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308030-eki-zhasospirim-ata-anasynan-yrlagan-9-mynga-astanada-kydyrgan/

pixel