Қазақстандықтар нашақорлыққа байланысты арнайы тестілеуден өтеді
Опубликовано:
Елімізде есірткіге тәуелділердің саны азаюда. Дегенмен, бұл жайт есірткі бағасының төмендеуіне әсер етпеген сыңайлы.
Бүгін есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады.
Өткен жылы 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліп, 28 тонна есірткі тәркіленді. Дегенмен, сала қызметкерлері осындай оң нәтижелермен тоқтап қалмақ емес.
Арнайы жобаға мемлекет 2016 жылға дейін 6 миллиард 167 миллион теңге бөлмек. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап ел азаматтары нашақорлыққа байланысты тестілеуден өтуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, жылдың соңына дейін заңға енгізілетін өзгертулер дайын болуы тиіс.
Арнайы тестілеуді бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары өтпек. Сондай-ақ, олардың қатарында жүргізуші куәлігін алушылар, қару ұстауға рұқсаты бар азаматтар да бар.
Бұл дегеніміз жай ғана анықтамалық қағаз емес, ол маңызды тестілеу болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308170-kazakstandyktar-nashakorlykka-bajlanysty-arnajy-testileuden-otedi/