Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда джихад пен терроризмді насихаттаған азамат 6 жылға сотталды

Опубликовано:

Павлодарда экстремизм мен терроризмді насихаттап, Қазақстан аумағында қарулы жихадқа қатысуға халықты үндеген азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі Виталий Черепко мәлімдеді, деп жазады Қазақстан жаңалықтары.

Павлодар тұрғыны 2004-2008 жылдар аралығында Сирия Араб Республикасындағы діни университетте білім алып жүрген кезінде шариғат құқықтарының діни құндылықтарына негізделген ислам қоғамын құру идеясын әбден санасына сіңірген. Кейіннен діни-джихад идеологтарының арбауына түсіп, радикалды діни бағытқа қарай ойысқан.

"Қазақстанға оралғаннан кейін радикалды ислам ағымдарының ықпалына ұшырап, дәстүрлі дін мен зайырлы мемлекеттегі демократиялық қоғамның, соның ішінде Қазақстан мұсылмандарының бағыты мұның ұстанған жолымен сәйкес келмейтіндіктен, оның көзқарасын қолдамайтындарға өшпенділік сезімі туған", - дейді Черепко.

Прокуратура мамандарының айтуынша, 2011 жылы Сирия үкіметі мен радикалды ислам бағытын ұстанатын экстремистік діни топтардан құралған оппозиция күштері арасындағы қақтығыс шиеленіскен тұста павлодар тұрғыны халықты "кәпірлерге" қарсы қарулы джихадқа үндей бастаған.

Павлодарлық азамат Павлодар, Ақсу, Екібастұз және Ертістің бірқатар тұрғындарын Сирияға баруға, оппозиция жағында соғысуға шақырған.

Cонымен қатар, ол Қазақстан Республикасында қарулы джихад ұйымдастырудың қажет екендігін насихаттаған. Ол мемлекеттің лаңкестікке қарсы заңды шараларына мұсылмандарға жасалған қысым деп қарап, қарсы әрекеттер ұйымдастырған.

Қазір павлодарлық азаматқа қатысты ҚР ҚК 164-бабы 1-бөлімі – Дiни қақтығыстар мен алауыздық тудыруға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сонымен бірге, ҚР ҚК 223-1-бабы 1-бөлімі – Лаңкестікті, экстремизмді насихаттау, халықты лаңкестік, экстремизм актілерін жасауға шақыру баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар қаласының №2-сотының үкімі бойынша ол барлық айыптау тармақтары бойынша кінәлі деп табылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/311912-pavlodarda-dzhihad-pen-terrorizmdi-nasihattagan-azamat-6-zhylga-sottaldy/