Алматы облысының тұрғыны үш қызды дүниеге әкелді
Опубликовано:
Алматы облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылындағы отбасылардың бірі үлкен қуанышқа кенелді.
Әбдірашид Гаитов пен Шарбангүл Тұрсынованың жанұясында үш қыз дүниеге келді. Оларды Шахсанам, Гульсанам және Айсанам деп атады. Сәбилерді үйіндегі 3 әпкесі мен бір ағасы тағатсыздана күтуде.
Қуанышты сәттерінде көпбалалы отбасын "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков құттықтады. Ол облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың атынан игі тілектерін жолдап, анасы мен нәрестелерге денсаулық тілеп, бесікарба мен балаларға арналған заттарды сыйға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/320954-almaty-oblysynyn-tyrgyny-ysh-kyzdy-dyniege-ekeldi/