Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында белгісіз дерттен ұсақ мал қырылып жатыр

Опубликовано:

Жамбыл облысында ұсақ мал жаппай арам өліп жатыр. Бір жетіде 60-қа жуық қой белгісіз дерттен қырылып қалған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Енді жеуге де жарамсыз жануарлардың етін жұрт далаға тастауға мәжбүр. Дәрігерлер болса, "тазалық сақтамады" деп мал иелерінің өздеріне кінә артуда."Не ауру екенін білмеймін. Бірінші көз-бастары іседі, сөйтіп құлайды. Аузынан, көзінен көбік бұрқ ете қалып өледі", - деген Қанат Еркебаевтың қойлары белгісіз дерттен шетінен қырылып жатыр. Өрістен сүйретіліп келген бойда қораға кіріп қылжияды екен. Теңселіп жүрген қойлардың да аяқтан тұрып кетуі екіталай. Бір жетінің ішінде ол осылайша елуге жуық ұсақ малдан айырылған.

"Мен мұндайды көрген жоқ едім. Дәрігерлерден ешқандай көмек болмай жатыр. Адам құрлы көрмейді. Шақырсаң, өлсе сенің малың өліп жатыр, малың сақтандырылмаған  ба деп, дікең-дікең етеді, жап-жас балалар", - дейді Айша-Бибі ауылының тұрғыны Қанат Еркебаев.

Қыруар шығынға батқан азамат қазір қалған қойды аман алып қалудың амалын жасауда. Мал дәрігерлерінен қайыр болмағасын, түрлі дәрімен өзі емдеп жатыр.

Ал жұмбақ аурудан өліп жатқан қойдың саны күн санап көбейіп барады

"80 қойым бар еді, 4-уі өлді. Үйде ауырып жатыр тағы қойлар. Оны алып қалдым. Олар да өліп жатыр, азанда біреуі өлді", - дейді Айша Бибі ауылының тұрғыны Жақсылық Жолдасов.

Әзірге ауылда 60-қа жуық қой өлген. Тұрғындар өлекселердің саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптенеді.

Ал мал дәрігерлері мүлдем бөлек пікір айтуда. Сөздеріне сенсек, ел айтқандай алпыс емес, бар болғаны 11 қой өліпті. Шопан ата тұқымының құрт ауруынан қырылғанын да анықтапты. Бұл дерт қора-қопсының таза болмауынан ушығады деген мамандар мал иелерінің өздерін айыптауда."Сойған малдың ішінен құрттар анықталды. Өкпеде де, бауырда да құрт бар. Малдың бәрі құртқа тола. Сол себептен мал өлген. Бұл жұқпалы емес, жайылымнан, жаман судан жұғады", - дейді мал дәрігері Еркін Асқаров.

Сойған малдың ішінен құрттар анықталды. Өкпеде де, бауырда да құрт бар. Малдың бәрі құртқа тола. Сол себептен мал өлген. Бұл жұқпалы емес, жайылымнан, жаман судан жұғады

Өлген малдың еті жеуге жарамайды. Сондықтан тұрғындар өлекселерді ауылдың шетіне сүйреп әкеп тастап жатыр. Бұл жерден жұқпалы дерт тарауы да мүмкін.

Ал шенеуніктер қырылған бастың ақысы мемлекет тарапынан өтелмейді деп кесіп айтты. Шығынға батқан жұрт енді не істерін білмей, басы қатуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/323447-zhambyl-oblysynda-belgisiz-dertten-ysak-mal-kyrylyp-zhatyr/