Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Кcell-ді абоненттерге "минусқа кіргізген" ақшасын қайтаруды міндеттеді

Опубликовано:

Байланыс операторы ұялы телефондағы бірліктерді минусқа кіргізу арқылы тапқан қаражатты соттың шешімі шықса да, қайтаруға асықпайды деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Тәртіп бойынша, телефондағы ақша таусылған соң байланыс үзілу керек еді. Бірақ, компания, бұл талапты орындамағандықтан, тұтынушылар әбден қарызға батыпты.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі бұған дейін де компанияны сотқа беріп, оған 325 миллион теңге айыппұл салған болатын. Бірақ бұған пысқырған Kcell жоқ.

"Егер сот бәсекелестікті қорғау агенттігі тарапының өтінішін растап отырса, онда компания клиенттің қарызға кірген ақысын төлеуі керек. Апеллияциялық шағымнан кейінгі сотың шешімі заңды түрде өз күшіне енеді", - деді заңгер Евгений Сейпульник.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/325696-sot-kcell-di-abonentterge-minuska-kirgizgen-akshasyn-kajtarudy-mindettedi/