Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы шаруа қожалықтары қымыз бен шұбатын сата алмай жүр (фото)

Опубликовано:

Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының иелері еттері мен қымыз, шұбатын сататын жер таппай отыр. Шаруасын дөңгелетіп, қазақтың көне кәсібіміен айналысуға тырысып жүрген отбасында NUR.KZ  тілшісі болып қайтты.

Алматы іргесінде екі жүзден астам  түйе, екі жүзге жақын жылқысы бар Өтеміс Маханов бүгінде қымызы мен шұбатына сұраныстың жоғын айтады. Жаз басталғалы базарлар мен қымызханалардың есігін тоздырған. Алайда, еш нәтиже шықпапты.

"Қара базарда шұбат деп су қосылған "кефирлерді" сатады. Ал қымыз деп  күрішті жуған суды ыстап, аздап қымыз қосып саудалай береді", - дейді Өтеміс Маханов. Айтуынша, ондай жерде өзінің табиғи өніміне орын табылмаған. Алыпсатарлар табиғи таза, пайдасы мол өнімді қымбатсыныпты.

Қазір қымыз бен шұбатты сауған бойда маңызын жоғалтпас үшін мұздатқышта сақтап жатыр. Мына бөлме қатты салқындатылған, жүз литрлік бөшкелерге толтырылып қойыпты. Тура қазір Өтеміс ағамыздың қоймасында бір тоннадан астам ақ сақталып тұр.

Ал, ысталған, ашытылған қымыз мына күбіде ғана. Қалған саумалдарды алдын ала ыстар болса табиғи дәрумендері 72 сағатқа ғана жетеді екен. Аламын деушілер табылмаса қымыз айнып қалады.

Өтемісовтер әулиеті қожалық басына кесте қойып, халыққа саумал саудалаумен айналысып жатыр.

Биелер сауылатын кезде осы жерге айдап әкелінеді.

Өтеміс ағамыз жылқының бірнеше түрін ұстайды екен. Мысалы мына көкпар - аты алтайлық асыл тұқымды ат.

Өтеміс Маханов мемлекеттен бөлінетін субсидияға ілінуді жоспарлап, Іле ауданының әкімдігіне талай барған. Алайда соңғы үш жылда әкімдіктегі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы "үлгермей қалдыңыз, өтіп кетті, енді іріктейміз" деген сынды түрлі жауаптармен қайтарып жібереді екен.

Шаруа қожалығының айтуынша, басқарма мемлекеттен бөлінген қаржының сомасы мен кімдерге беріліп жатқанын құпия ұстайды. Ал "субсидияға ілігудің өзі тамыр-таныс, туысқандық бойынша жүргізіледі екен"  дейді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/329932-almaty-oblysyndagy-sharua-kozhalyktary-kymyz-ben-shybatyn-sata-almaj-zhyr-foto/

pixel