Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызыл кітапқа енген құстарды атқан СҚО тұрғыны екі жылға сотталды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына" енгізілген қызылжемсаулы қарашақаздың алтауын, ақбас қазды және қызылбас сүңгуір үйректің біреуін атып, заңсыз аңшылық жасаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" Есіл аудандық сотына сілтеме беріп хабарлайды.

"Оның осы әрекетінен "Красный бор" жануарлар әлемін күзету және қайта өндіру жөніндегі мемлекеттік мекемесіне" жалпы сомасы 2 233 512 теңге мөлшерінде залал келтірілді. Ол бұл шығынның 800 000 теңгесін ішінара өтеді",-делінген хабарламада.

Қылмыскер Есіл аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 288-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу арқылы екі жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/329976-kyzyl-kitapka-engen-kystardy-atkan-sko-tyrgyny-eki-zhylga-sottaldy/