Ноғаевтың жәрмеңкеде рөмкемен самогон ішкен суреті үлкен дау туғызды
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Оралдағы Сорочин жәрмеңкесінде рөмкемен самогон ішкен суреті үлкен шу туғызды.
Бұл туралы NewTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды деп жазады NUR.KZ
Бұл сурет Оралдағы жергілікті "Мой город" порталына жарияланған.
Сорочин жәрмеңкесін тамашалаған облыс әкімі құрметті қонаққа төрден орын берген жәрмеңкешілердің қолын қайтармайды. Осылайша, әкімнің рөмке көтеріп тұрған суреті де пайда болды.
Әкім өзінің қарамағындағы кейбір адамдарға қарағанда, суретке түсуден бас тартпаған.
Алайда, мақала жарияланып, сурет басылып кеткен соң, әкімшіліктен портал пен оның редакторына қысым көрсетіле бастапты.
"Алып тастаңдар, әйтпесе сіздерді шеттетуге тура келеді!" деген сыңайдағы сөздерден шаршаған портал редакторы Жаннат Нұғыманова: "Әкім де қарапайым адам. Мұнда тұрған не бар?!" деп жазады.
Әзірге әкімнің бұл суреті порталдан жоғала қойған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/331635-nogaevtyn-zhermenkede-romkemen-samogon-ishken-sureti-ylken-dau-tugyzdy/