Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мешіт қызметкерлері Рамазан айының садақасын ұрлаған

Опубликовано:

Елордадағы ең үлкен мешіттерінің бірінде жаға ұстатар сұмдық жағдай болды. Биылғы Рамазан айы кезінде Алланың үйінен мешіттің қызметкерлері садақадан түскен ақшаны қапқа салып ұрлап шыққан.

Куәгерлер көлікте жатқан қаптағы ақшаны түсіріп алып, осы масқара бейнематериалды "31 арна" тілшілеріне әкеліп берді.

Ал, орталық мешіттегі садақадан түскен ақшаның ұрланғанын бас имам Наурызбай Өтпеновтің өзі растап отыр.

"Мен 6 июль күні таң намазынан кейін мешітте серуендеп жүрген кезімде "Нұр Астана" мешітінен қап алып бара жатқанын көрдім. Кейін күдіктеніп барып қарасам қапта ақша бар екен, мешіттің кезекшесінің өзі осылай тонап жатса имамдарға қалай сенеміз?", - дейді бейнематериалдың авторлары.

Олардың айтуларынша, өткен рамазан айында, яғни 6 шілде күні Орталық мешіттің қызметкеріне тиесілі көлікте қап толы ақшаның жатқанын анық көрген. Таң намазынан шыққан діни қызметкердің садақадан жиналған қаржыны қапқа салып әкетіп бара жатқанын көрген соң, көліктің іші мен сыртын бірден таспаға түсіріп алыпты.

Алдымен бұл бейнежазбаны куәлер Орталық мешіттің бас имамы Наурызбай Өтпеновке жолдаған.

Сұмдық оқиғадан кейін қарамағындағы екі қызметкерден түсінік алған бас имам олардың садақаны ұрлағанын тек ауызша ғана мойындата алдым деп отыр.

"Менің өзіме мойындап тұр ғой, қателік жасадық деп айтып тұр, бірақ арнайы мойындамай тұр. Жазып бер дедік қой, оны істеген жоқ, жазбаша мойындаған жоқ, ауызша мойындады, иә", - дейді Өтпенов мырза.Бас имам Алланың тілеуін тілеп келген халықтың пітір-садақасын мешіттегі жәшіктен ұрлап алып шыққан екі қызметкерін жұмыстан босатыпты. Және мешітке келтірген шығын ретінде олардан 400 мың теңгені өндіртіп, есепшіге тіркетіп қойған.

Ең қызығы жамағат садақа салатын жәшіктің құлпы бұзылмаған. Бас имамның айтуынша, "ұрылар" ақшаны жәшіктің аузынан алуы мүмкін. Ал қарамағындағылардың қылмысын полицияға хабарламай, кешіруінің себебі, мешіттегі ұрлық қасиетті Рамазан айында болған екен."Қасиетті ай болғаннан кейін кешірім көзбен қарадық. Өздері мойындап, қаражатын орнына қойып жатқаннан кейін, тек қызметтен босатып жазаладық", - дейді бас имам.

Қасиетті ай болғаннан кейін кешірім көзбен қарадық. Өздері мойындап, қаражатын орнына қойып жатқаннан кейін, тек қызметтен босатып жазаладық

Орталық мешітте бір жыл жұмыс істеп, осылай жұмыстан кеткен қызметкер оған дейін Астана іргесіндегі "Тайтөбе" ауылындағы мына мешітте бес жыл имам болған екен. Мұндағы имамдар бұрынғы басшыларына қатысты сұмдық оқиғаны тілшілерден естіп, тілдескілері де келмеді.Ал "Тайтөбе" мешітінің қазіргі имамының айтуынша, Астанадағы оқиғадан соң, жұмыстан босатылған қызметкер осы ауылға қайтадан бас имам болып келетінін осыдан үш-төрт күн бұрын өзі айтыпты. Ал масқара оқиға туралы мүлдем хабарсызбыз деп отыр.Ал "Нұр Астана" мешітінің имамдары осы сұмдық оқиғадан кейін, жамағат садақа салатын жәшіктердің құлыптарын түгелдей өзгертіп, күзетті күшейткен. Және ақша толы жәшіктер тұратын орындардың бәріне бас аяғы 26 бейнебақылау орнатыпты.

Алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу үшін электронды жәшіктер орнату жоспарларында бар.

Айта кетейік, Қазақстанның қылмыстық кодексіндегі арнайы бап бойынша діни қызметкер өзіне сырын ашқан адамның қылмысын жасырса, ешқандай жауапқа тартылмайды.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/332265-astanada-meshit-kyzmetkerleri-ramazan-ajynyn-sadakasyn-yrlagan/