ШҚО-да түрмеден қашпақ болған қытайлық азамат ұсталды
Опубликовано:
14 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталушының қашып кетпек болған әрекетінің жолы кесілді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады "Қазақпарат".
Оқиға түнгі 02. 00-де болған. Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде 1,5 жыл мерзімге сотталған Қытай азаматы айлалы тәсілмен қашып кетуге әрекеттенді.
Алайда ауысымдағы мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Б. Сәденов пен 6699 ә/б 2-ші атқыштар батальонының қатардағы сарбазы Е. Айтуғановтың қырағылығы арқасында оның айласы жүзеге асқан жоқ.
Сотталушы тыйым салынған аумақта негізгі қоршаудан өтпекші болған кезінде ұсталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/335669-shko-da-tyrmeden-kashpak-bolgan-kytajlyk-azamat-ystaldy/