Қызылордада қыздарға порнокастинг жарияланды
Опубликовано:
"Вконтакте" желісіндегі пабликтердің бірінде отандық порнофильм түсіріліміне актрисалар іріктелетіні туралы хабарлама пайда болды. Хабарландыруға қарағанда, оған 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздар іріктеледі.
Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.
Кастингті ұйымдастырушыларға әлеуметтік желідегі парақша немесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласуға болады.
Хабарландырудың астына ашу-ызаға толы пікірлер жазылған. Наразы қолданушылардың ортақ пікірі "Порноиндустрияның Қазақстан қыздарына қатысы болмауы керек" дегенге саяды.
Журналистің "Қыздарға қандай талап қойылады?" деген сауалына "Олар төсекте өзін жақсы көрсете білуі керек, тәні сұлу болуы қажет" деген жауап берген.
Үміткерлерге тағы бір ерекше шарт қойылады. Мысалы қыздар өздерінің ләззаттан ыңқылдаған дауысының аудиожазбасын жолдауы тиіс.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кастинг тек қана Қызылордада өтеді, бірақ басқа аймақтан келіп қатысушыларға қарсылық жоқ.
Олардың мәліметінше, бір эпизодқа түскен қызға 90 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Бұл хабарландыру қызылордалықтардың интимдік өмірі туралы хикаялар мен фотосуреттер топтастырылған пабликте жарияланып отыр.
Порнокастингтің жалған не рас екенін анықтау әзірше мүмкін болған жоқ, дегенмен ұйымдастырушылар ересектерге арналған қазақстандық фильм түсіру туралы ойларының әсте әзіл емес екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/337304-kyzylordada-kyzdarga-pornokasting-zhariyalandy/