"Курицы Актобе" тобында масқара болған қыздың көз жұмғаны расталмады
Опубликовано:
"Курицы Актобе" тобында суреті шыққан соң, өз өзіне қол жұмсады деген қыз туралы ақпарат жалған. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы осындай мәлімдеме таратып отыр.
Бұл туралы "Диапазон" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Бүгінде "Курицы Актобе" тобында ер адамдардың талқылауына түскен 17 жастағы ақтөбелік қыз бала туралы түрлі пікірлер айтылуда. 2
4 мың жазылушысы бар аталған топта қаладағы жеңіл жүрісті қыздарды сынап, суретін шығарады. Одан бөлек, әлгі топ арқылы жезөкшелерді де табуға болады.
Осыдан бір апта бұрын әлгі топта: "Сіздердің кесірлеріңізден менің 17 жастағы қарындасым өз-өзіне қол жұмсады", - деген жазба пайда болып, бұл бұқаралық ақпарат құралдарына таралып кеткен еді.
Алайда, облыстық ішкі істер басқармасы мұны жоққа шығарды.
"2014 жылы өз-өзіне қол жұмсаған 7 қайғылы оқиға кездесті. Олардың біреуі 17 жастағы бозбала. Бірақ, асылып қайтыс болғандар ішінде 17 жастағы қыз бала жоқ", - дейді облыстық ІІБ баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.
Жедел құтқару қызметіне таблетка қабылдаған 1999 жылғы қыз бала ғана түскен. Қуанышқа қарай, дәрігерлер оны аман алып қалды.
Бірақ, "Курицы Актобе" тобына шағым түсіргендер бар. Нақтылап айтар болсақ, Сазды ІІБ-на аталған топ парақшасында жала жабылғанын айтып, екі адам шағымданған. Полиция шағымды қарамайды, сол себепті, істі сотқа жіберілген.
"Курицы Актобе" тобының админі Антон Даниловты әзірге ешкім іздеп жатырған жоқ. Алайда, соңғы кездері ол әлеуметтік желіден көрінбей жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/338230-kuriczy-aktobe-tobynda-maskara-bolgan-kyzdyn-koz-zhymgany-rastalmady/