Жұма күні Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады деп болжануда
Опубликовано:
Қазақстанның көп бөлігінде жұма күні қар, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, тек батыс пен шығыста ғана – жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" ҚазТАГ агенттігіне.
Астанада жұма күні бұлтты болады, ауық-ауық қар жауып, боран тұрады, солтүстік-батысқа ұласпалы оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, түнде екпіндер 15-20 м/с, ауа температурасы -5-7.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болады, арасында тұман тұрады, жел 0-5 м/с, ауа температурасы күндіз +1+3.Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар жауып, таңертең кей жерлерде тұман тұрады деп күтілуде, күндіз кей жерлерде жел күшейеді 18 м/с, ауа температурасы -2-7. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде азғантай қар жауады, кей жерлерде бұрқасын аралас желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, синоптиктер -2-7 жорамалдап отыр. Ақмола облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын аралас желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, ауа температурасы -2-7. Павлодар облысында қар жауады, боран аралас желдің күшеюі күтілуде, ауа температурасы күндіз 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар күтіледі, күндіз -5-10. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады және бұрқасын аралас жел 15-20 м/с күшейеді, ауа температурасы -5-10.
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жауын-шашын мен тұман, көктайғақ күтіледі, ауа температурасы күндіз сәйкесінше 0,+5, -2+3 және +2+7. Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, синоптиктер -1-6 болжайды.
Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше 2+3 және 0,-5. Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын жоқ, кей жерлерде тұман күтіледі, ауа температурасы күндіз 0-5.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысындағы су нысандарында мұздың пайда болу процесі жалғасады, осыған байланысты жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өзендерінде судың салқындауы күтілуде. Сырдария өзенінде Қайраққұм су қоймасынан тастандылардың ұлғаюы есебінен Шардара су қоймасына су ағынының ұлғаюы күтіліп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/341577-zhyma-kyni-kazakstannyn-kop-boliginde-kar-zhauady-dep-bolzhanuda/