Алматылық жетім бала өзін тастап кеткен анасынан 5 млн теңге талап етті

Опубликовано:

Алматылық Серік Кенжебеков өзінен бас тартып, балалар үйіне тастап кеткен анасын сотқа берді. Бұл туралы Айқын газеті хабарлайды.

Серік Кен­же­беков 29 қыркүйек 1991 жылы дүниеге кел­ген. Анасы Перизат Жақ­сы­лық­қызы Кенжебекова 1975 жылы туылған. Босанғаннан кейін бес күндік нәрестені пер­зент­ха­на­ға тастап кеткен Перизат ол кез­де небәрі 16 жаста екен.

Ана ма­хаббаты бұйырмаған Серік тағ­дырын тәлкекке салған шешесін сот­қа беріп, өмірін өксіткені үшін өтемақысына (моральный ущерб) 5 миллион талап етіпті.

Ол мені көргісі келмеді мүлдем. Сосын Аналық парызын өтеуден бас тартып, тағдырымды тәлкек еткені үшін сотқа беріп, жан азабымның өтемақысына 5 мил­лион талап еттім.

"Мектеп бітіргелі жатырмыз. 2007 жыл, 16 жастамын. Алды­мыз­да бізге беймәлім бұралаңы көп өмір жолы. Алдағы уақытта "не істеймін?" деп ойланғанда бой­ды үрей билейді. Бұлыңғыр бо­лашақ. Қорқыныш. Жаныңда ақыл қосар бір жақын жан жоқ. Жалғызсың. "Қалай бо­лады?" деген сауал миыңда ызың­дап, күні-түні бір маза бермейді. Сол кезде өміріңде бір рет те көр­меген анаң есіңе түседі екен", - дейді Серік.

Баласын іздеп келер деген үмітпен Серік біраз жыл анасын күтеді. Алайда, жақсы хабар болмағасын өзі анасын іздей бастайды.

"Ең әуелі туу туралы куәліктегі деректер бойынша ЗАГС-ке іздеп бардым. Олар Алматыдағы №2 перзентханадан анықтама қағаз алу керектігін айтып, жөн сілтеді. Мен сол "Саяхат" автовокза­лы­ның жанындағы перзентханада дүниеге келсем керек. Ондағылар анамның менен "Бас тартқаны туралы" (отказное) бір жапырақ қа­ғазды қолыма ұстатты", - дейді ол.

Серік мұнымен тоқталмай, түрлі бағдарламар арқылы анасын іздеуді жалғастырады. "Бармысың, бауырым" бағдарламасына да қатысады. Ақыры 22 жасында оны өзі іздеп табады. Алайда, анасы оны көргісі келмеген.

"Ол мені көргісі келмеді мүлдем. Сосын Аналық парызын өтеуден бас тартып, тағдырымды тәлкек еткені үшін сотқа беріп, жан азабымның өтемақысына 5 мил­лион талап еттім. Сотта ұт­тым. Мен талап еткен 5 млн емес, оның жұмыс істемейтінін сылтау еткен сот 300 мың беріледі деген үкім шығарыпты. Үкім шыққа­нына да біршама уақыт өтті. 300 мың емес, қолыма әлі 3 тиын да түс­кен жоқ. Қысқасы, оның ақша бе­ретін түрі көрінбейді", - деп мұңын шақты Серік Кенжебеков. 

Еліміздегі телеарналар Серіктің анасы Перизаттан сұхбат алғанда, ол ұлының өзін іздеп жатқанын 2007 жылы теледидар арқылы көргенін айтқан. Алайда, көріп тұрып келмеген. Осыдан соң, Серік анасын кешірмейтінін айтты.

"Маған "анаңды кешір" деп кеңес береді кейбіреулер. Айтуға оңай. Оны мен кешірмеймін! Қа­лай кешіремін мені керек ет­пеген жанды!", - деп ызаланады Серік.

Бүгінде Серік өзінің болашағы үшін алаңдайды. Алматыдағы №3 балалар үйін­де тәрбиеленген ол есейе келе қиындық түр-түрімен кездесіп жүр.

Маған "анаңды кешір" деп кеңес береді кейбіреулер. Айтуға оңай. Оны мен кешірмеймін!

"Мен осы 22 жыл ішінде өмірден бәрін көрдім. Түрлі жайттерді бастан өткердім. Қорқатын түгім жоқ. Еш нәрседен де қорықпаймын. 2007 жылы мектепті бітірген кезде, мынау миллионнан астам тұр­ғыны бар үлкен қалада жалғыз қал­дым. Бір түнеп шығатын же­рім де болған жоқ. Алты айдай сан­далып жүрдім. 16 жастағы бала көтеретін ауыртпалық емес менің басыма түскен қиындықтар. Өмір сүріп жүргеніме таңға­ла­мын", - дейді Серік басылымға берген сұхбатында.

Бүгінде ол жұмысқа орналаса алмай жүр. Түйіндеме апа­рып тастаған фирмалардың бәрі балалар үйінен екенін білгеннен кейін, "сосын хабарласамыз" деп шығарып салады. Мемлекеттік ме­кемедегілердің өзі балалар үйін­де тәрбиеленгенді жұмысқа алу­ға безініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/342528-almatylyk-zhetim-bala-ozin-tastap-ketken-anasynan-5-mln-tenge-talap-etti/