Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық олигарх чех футбол клубын 50 млн еуроға сатып алмақ

Опубликовано:

Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бұрынғы директоры Талғат Байтазиев 50 млн еуроға чехиялық "Славия" футбол клубын Synot TIP Aréna атты өз стадионымен қоса сатып алмақ, деп хабарлайды "Ақжайық" газеті.

"Жаңалық Байтазиевтің өкілі Майкл Голешчактың HN чех газетіне берген сұхбатының фрагменттерін жариялаған чехиялық eFotbal.cz порталына шыққан.

"Batumi Industrial Holdings Ltd." компаниясының бас директоры Талғат Байтазиевтің "Славияны" 50 000 000 еуроға сатып алмақ екені хабарланады", - делінген газеттің сәрсенбідегі жариялымында.

"Ақжайықтың" хабары бойынша, Байтазиевтің екі ай бұрын "Batumi Industrial Holdings Ltd."-дан және жалпы ҚМГ жүйесінен кеткендігі және жеке бизнеске бет бұрғандығы белгілі болды.

Еске сала кетейік, Байтазиев 2004-2012 жылдар аралығында АМӨЗ басқарған. Кейін 2012 жылы "Batumi Industrial Holdings Ltd." ("ҚазТрансОйл" АҚ 100% еншілесі) компаниясының бас директоры болып тағайындалды, оның құрылымына Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз айлағы кіреді.

Еске сала кетсек, NUR.KZ бұған дейін де миллионердің еуропалық клубты сатып алатыны жайлы хабаралаған болатын. Бірақ келісімшарттың нақты құны тек осы аптада ғана белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349602-kazakstandyk-oligarh-cheh-futbol-klubyn-50-mln-euroga-satyp-almak/