Қазақстанда екпеден бас тартқандарды жазалау ұсынылды
Опубликовано:
Діни наным-сенімге байланысты екпеден бас тартқандарды жазалау керек, немесе кейбір екпе түрлері міндетті түрде бекітілсін.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов жауапты министрлікке осындай ұсыныс білдірді деп хабарлайды Астана арнасы.
Сенатор елімізде діни наным-сенімге байланысты баласына екпе салғызбайтын ата-ана көбейіп кеткенін, бала-бақша, мектептегі өзге ата-аналардың бұған алаңдайтынын жеткізді.
"Екпесіз балаға еш жерде шектеу жоқ. Көпшілік орындарда індеттен сақтанбағандар қауіп туғызып отыр", - деді ол.
Сондықтан депутат заңға жазалау немесе міндеттеу тетіктерін енгізуді ұсынды.
"2013 жылы 3940 адам екпеден бас тартса, оның 1709 немесе 53 пайызы осы діни себеппен бас тартқан. Ал 2014 жылдың 6 айында мұндай себеппен бас тарту 2040 - 70 пайызға дейін артып отыр", - деді парламент сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/356031-kazakstanda-ekpeden-bas-tartkandardy-zhazalau-ysynyldy/