Google кезекті рет қазақ тілінің аудармасымен таңғалдырды
Опубликовано:
Интернет-қолданушылар Google-дың аудармашы қызметінен қызық жайттарды байқады. Мәселен жүйе "казах" сөзін орысшаға "марихуана", "Кустанай" сөзін "Рим", ал "Семипалатинск" сөзін - "Ватикан" деп аударған.
Бұған қоса, Google Translate Қайрат Нұртасты да қазақшадан орысшаға қызық аударған. Жүйе Қайрат Нұртасты 16 жасында "Run It!" композициясымен танымал болған америкалық қара нәсілді рэп орындаушы Крис Браун деп танитын көрінеді.
"Google-ға қазақ тілін біз тек 2014 жылдың желтоқсанында қостық, сондықтан мұндай қателіктердің болуы әбден мүмкін", – дейді WikiBilim фондын басқарушы Нұрбек Матжани "Экспресс-К" газетіне берген сұхбатында.
WikiBilim фонды 2012 жылда қаза тілін бүкіләлемдік деңгейде аудармалау жүйесін енгізу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген болатын. Олар Google-мен байланысқа шығып, ақпарат жинауға кіріскен, сөздер мен сөз тіркестері аударыла бастаған. 2014 жылдың аяғында қазақ тілі автоматты аударма жасау жүйесіне енгізілді.
"Қателіктер әлі де шығуы ықтимал, оларды жөндеуге біршама жылдар кетуі мүмкін, бірақ жүйе дамып келеді, мұнымен қоса, біздерге осындай қателіктерді іздеп табуға еріктілер көмек беруде" - деп түсіндірді Матжани.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/358152-google-kezekti-ret-kazak-tilinin-audarmasymen-tangaldyrdy/