Шенеунік орысша сөйлегені үшін журналистерден кешірім сұрады
Опубликовано:
Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова журналистер сұрағына жауап берді.
Жиында ол тек орыс тілде өтетін жиындардан немесе орыс тілінде сөйлеген спикердің сөзін қазақша аударып, ақпарат тарататын журналистерге қосымша үстемақы төленуі керек деген ойын айтты
Сонымен қатар, бүгін брифингте көбіне орыс тілде сөйлеген вице-министр кешірім сұрап, келесі жолы ақпаратты тек қазақ тілінде айтатынын мәлім етті.
Бүгін уақыт тығыз деген соң, барлығына түсінікті болсын деп, орыс тілде баяндама жасадым. Келесі жолы келгенде Сіздерге ақпаратты тек қазақ тілінде берейін.
"Орыс тілінде өтетін жиындардан қазақша ақпарат тарататын журналистер аудармашының қызметін қоса атқарып отыратындықтан, олардың еңбегін бағалау туралы ұсыныстарыңызды қарастырайық. Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін уақыт тығыз деген соң, барлығына түсінікті болсын деп, орыс тілде баяндама жасадым. Келесі жолы келгенде Сіздерге ақпаратты тек қазақ тілінде берейін. Ал жалпы, қазақ журналистерінің еңбегіне тоқталсақ, негізі қызметкердің артық немесе қосымша жұмысы үшін үстемақы берілуі керек. Сіздерге де қосымша үстемақы берілуі керек деп санаймын", - деді Светлана Жақыпова залдағы қазақ тілді журналистерге.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те баяндамасын тек орыс тілінде жасаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/358319-sheneunik-oryssha-sojlegeni-yshin-zhurnalisterden-keshirim-syrady/