Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер не себепті ерекше саналады?

Опубликовано:

Шымкенттіктер – Қазақстанның ерекше өкілдері. Бұған басқа облыс тұрғындарымен қоса, шымкеттіктердің өздері де келісуде. Олар несімен өзгелерге ұқсамайтынын "Караван" басылымың тілшілері анықтауға тырысқан.

 

Барлық шымкенттіктер олардың қаласы тіпті әлемдік деңгейде танымал екеніне сенімді.

Шымкенттіктер үшін жоғарғы оқу орнының дипломы ерекше орын алады. Оқыған саласы бойынша асқан маман болмаса да, диплом "қалтада" болуы керек. Шымкенттіктер үшін ең басты мұғалім - өмір.

Танымал шымкенттік жүргізушілер…Олар елімізде аңызға айналды. Көлікті жаман айдайды деуден аулақпыз, десе де жол ережелерін сақтамаудан алдыңғы қатарға шыққан.

Шымкент қылмыс деңгейімен де танымал. Алайда дәл қазір олар үшін бизнес ашып, мемлекеттік қызметте мансап құру қылмыстық әлемдегі беделден маңыздырақ болып шықты.

Оңтүстік тумалары - өте тәрбиелі адамдар. Жастар қоғамдық көлікте қашанда үлкендерге орын береді. Ал көлікке отырғанда жүргізушілердің тәрбиесі қайда ғайып болатыны бөлек әңгіме...

Шымкенттіктер денсаулыққа ерекше мән береді. Олар топ-топ болып шейпингке немесе жаттығу орталықтарына барғанды, спортзалдағы қызықтарымен жұмыста бөліскенді ұнатады. Ал кешкісін кафелерде сыра ішуге жиналады.

Барлық шымкенттіктер өздерін еңбекқор санайды. Олар өздерінен басқалар жұмыс істемей, бәрі солардың күшімен алға басуда деп сенеді.

Шымкенттіктер өз балаларын Астанада не Алматыда орнықтыруға бар күшін салады. Көлік, пәтер алып, жақсы қызметке орналастырғаннан кейін, туыстарына сонысымен мақтанғанды ұнатады.

ОҚО - елді қызанақпен қамтамасыз ететін бірден-бір аймақ. Алайда жергілікті дүкен сөрелерінде көбіне өзбек томаттары тұрады. Өз өнімін импортпен алмастырып, "елде отандық өнімге сұраныс жоқ" деп шулау – оңтүстік туамаларына тән белгі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/362953-shymkenttikter-ne-sebepti-erekshe-sanalady/

pixel