Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда парамен ұсталған военкомат басшысының орынбасары сотталды

Опубликовано:

Алматы гарнизонының әскери соты парамен ұсталған Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасарына әріптестерінің көзінше үкім кесті деп хабарлайды КТК арнасы.

Майор Данияр Нұрымжанов енді өмірінің 4 жарым жылын абақтыда өткізуі тиіс. Дүние-мүлкі де тәркіленеді.

Нұрымжанов 2012 жылдан бері әртүрлі қызметтері үшін ауызбастырық алып келген. Ақысына әскерге жіберген, тіпті әскери полициядан қызмет әперем деп уәде етіпті. Ашкөз майор ақыры кабинетінде құрықталған.

Тергеу барысында комиссардың 4 адамнан жалпы сомасы 3 млн теңге алғаны дәлелденді. Өзге әскерилерге сабақ болсын деп сот комиссариат ғимаратында өтті.

Оған себеп те бар. Былтыр ғана осы Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Игорь Скворцов та пара алғаны үшін 4 жылға сотталған екен. Бірақ ол орынбасарына сабақ болмапты.

"Скворцовтың қылмыстық ісін қарағанбыз. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бүгінгі сот сол ауданның әскерилері өздеріне тиісті нәтиже шығармағандығын көрсетіп отыр", - деді Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Мұхамеджан Пәкірденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/363494-almatyda-paramen-ystalgan-voenkomat-basshysynyn-orynbasary-sottaldy/

pixel