Ақтөбеде туберкулездің ашық түріне шалдыққан оқушы сабаққа қатысып жүрген
Опубликовано:
Ақтөбеде жетінші сыныптың оқушысы туберкулездің ашық түрімен ауырып келгені белгілі болды. Сорақысы сол, дәрігерлердің өзі жұқпалы дертті тек оқушы қаралған соң үш айдан кейін ғана әрең тапқан.
Қазір оқушысы бар, мұғалімі бар, бас-аяғы мыңға жуық адам жедел түрде тексерістен өтті. Жалпы елімізде туберкулездан болған өлім жағдайлары 16, ауруға шалдыққандар саны тоғыз жарым пайызға төмендеген. Бұл жөнінде туберкулез қиындықтары Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.Ал №15 мектептің жетінші сынып оқушысы туберкулезге қарсы диспансерде туберкулездің ашық түрінен ем қабылдауға жатқызған. Енді кішкентай науқас орталықта бір жылға жуық ем қабылдайды. Ал оқушының ауруханаға түсуіне мектептегі медбике аймақтық дәрігерлерді кінәлайды.
Жөтел қысып, ыстығы көтерілген қыз дәрігерлерге барғанда, ақ халаттылар тұмаудың дәрісін жазып, үйіне қайтарған көрінеді."Бұл жерде уақтылы дәрігерге барып емделмегеннен деп ойлаймыз, жергілікті дәрігелердің кесірінен. Бала бірде барады дәрігерге, бірде бармайды. Лечение алады жақсы болып кетеді де, қайтадан бала температура болып ауырып қалады", - дейді медбике Динара Мамбетова.
Оқушының анасы екі жыл бұрын екі баласын алып, Аралдан Ақтөбеге көшіп келген. Сол уақыттан бері ол осы мектептің оқушысы.
Ал ұзстаздар жағы, "рентген тексерулерінен өтуге қаржысы бола тұра, қызын тым кеш тексерткен анасынан қателік кетті" дейді.
"Ол белгісіз себептерге байланысты, мүмкін немқұрайлығына да байланысты ма ата-ананың әйтеуір жүріп қалады. 20-да рентгенге түседі, сол кезде осындай туберкулез ауруы аңықталды. Екінші қызы біздерде 2 класс оқиды оны қазір Чайка санаторийына орналастырды. Енді қазір ем алып жатыр", - деп түсіндірді аталған мектеп директоры Гүлнәзия Дәрібаева.Ал денсаулық сақтау басқармасының мамандары туберкулез дұрыс тамақтанбағандықтан болды дейді."Болған оқиғадан кейін мектеп ұжымы, жетінші сынып оқушылары мен олардың барлық жақындары, барлығы мыңға жуық адам тексерістен өткен. Қауіпті дерт табылмады. Ал ауру тарамас үшін барлық сыныптарға дәрілер себілді. Енді баламен қарым-қатынаста болған барлық адамдар әр жарты жыл сайын тексерістен өтіп тұратын болады", - деп сендірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының педиатр маманы Айгүл Құштаева.Ал елімізде тубелкулездан болған өлім жағдайлары 16, ауруға шалдыққандар саны 9,5 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде тубелкулез қиындықтары Ұлттық орталығының мамандары мәлімдеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/363686-aktobede-tuberkulezdin-ashyk-tyrine-shaldykkan-okushy-sabakka-katysyp-zhyrgen/