Қызылордада газдан уланғандардың саны артты
Опубликовано:
Қызылордада газдан уланғандардың қатарына тағы бір бала қосылды деп хабарлайды КТК арнасы.
15 сәуір күні 81 оқушы мен 2 мұғалімге иіс тигенін хабарлағанбыз. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Астанадан барған мамандар зардап шеккендердің қан сараптамаларын елордадағы арнайы орталыққа жолдамақ.
Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездескен ата-аналар мәселенің ақ-қарасын тез арада анықтауын талап етті. Оқыс оқиға Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда болғанын айта кетейік.
Мектеп басшылығы мұны сотқар оқушылардың әрекеті деп отыр. Баллондағы газды солардың бірі қасақана шашуы мүмкін. Қазір сол төтенше оқиғадан жапа шеккен 50-ден аса жеткіншек ауруханада ем қабылдауда.
"Емделіп келіп, сабаққа келгені жоқ. Жалпы 82 бала түскен, қалғаны енді 28-і үйлерінде ем алып жатыр", - дейді Асылбек мектеп директоры Мұқашев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/364638-kyzylordada-gazdan-ulangandardyn-sany-artty/