Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімін өткізетін орын өзгерген жоқ

Опубликовано:

Қазақстанның танымал әншісі, саксофонист, белгілі сазгер Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі басқа жерге ауыстырылмайды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін бірқатар ақпараттық агенттіктер Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімінің басқа жерге ауыстырылғаны жайында ақпарат таратқан болатын.

"Бұған дейін әншімен қоштасу рәсімі Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармония ғимаратында (Қалдаяқов көшесі, 35) өтеді деген жоспар болған. Алайда марқұмның достары мен тыңдармандары қалалық әкімдіктен аталған шараны Республика сарайында өткізуді сұраған. Енді, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма өткізу туралы шешім қабылданыпты" деген мәлімет болған.

Алайда Алматы қаласының мәдениет басқармасы ол ақпаратты жоққа шығарды.

"Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі бұрынғы жоспар бойынша ертең, мамырдың 1-і күні Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияда өтеді. Ғимараттың есігі таңғы сағат 8:30-дан бастап ашық болады", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 29 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының нашар екенін айтып жүрген.

Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, Батырхан Шүкенов "Один в один" шоуының дайындығынан кейін үйіне барған, сол жерде өзін нашар сезініпті. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресті. Ол бірнеше рет есін жиғанымен дәрігерлер оны құтқара алмады.

Әнші қаза болған күні оның тыңдармандары Астана мен Алматыда жиналып, еске алды. Астанада мыңдаған адам Есілдің жағалауында жиналса, алматылықтар Республика сарайының алдына талантты музыканттың әндерін шырқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/745432-batyrkhan-shukenovpen-qoshtasu-rasimin/