Демалыс күндері еліміздің батыс өңірінде күн 40 градусқа дейін ыстық болады
Опубликовано:
Демалыс күндері Батыс Қазақстанда 40 градустық ыстық болады деп хабарлады "Қазгидромет".
Қазақстанның батыс өңірлерінде күннің қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
"31 мамыр күні күндіз және 1 маусымда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 40-43°C ыстық болады деп күтілуде", - делінген бейсенбідегі хабарламада.
Осыған орай, синоптиктер тұрғындарды аптап ыстықта денсаулықтарына мұқият болуға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/770582-batys-qazaqstanda-demalys-kunderi-40-gr/