Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық рэп орындаушы Әліби Жұмағұловқа ән арнады (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық рэп орындаушысы Жан Ахмадиев Әліби Жұмағұловқа арнап "Қазақпыз ғой" атты ән жазды.

Ескертпе! Видеода бейәдеп кадрлар мен сөздер кездеседі.

Әннің клипі орындаушының YouTube-тегі парақшасында жарияланған. Клипті жүктелген уақытта 7000-нан астам адам қарап үлгерген.

Еске салсақ, 24 сәуір күні зардап шеккен Әліби Жұмағұловтың әкесі, ұлын кәсіпкер соққыға жықты деген ақпарат таратқан болатын. Күдікті бизнесмен Қайрат Жамалиев қамауға алынды.

Белгілі болғандай, кәсіпкердің Әлібиді соққыға жығуына жас жігіттің "Астана аруы - 2008" атанған Айнұр Исинамен қарым-қатынасы себеп болған. Айнұр Исина Жамалиевтің азаматтық әйелі саналады. Алайда Исина бұл ақпарды жоққа шығарған болатын.

25 мамырда Жұмағұловтың қорғаушысы Қайрат Жамалиев ер кісіні зорлады деп айыпталғандығын хабарлаған болатын. Алайда қорғаушы көп ұзамай сараптама нәтижелері Әлибіден зорлық белгілерін таппағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/772538-qazaqstandyq-rep-oryndaushysy-alibi-zh/