Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір мектептің 70 оқушысы "Алтын белгі" иегері атанды

Опубликовано:

Бір мектептің 70 оқушысы «Алтын белгінің» игері атанды.

Қазақстандағы білім ошақтарының ішінде көш бастап тұрған Орынбек Жәутіков атындағы мектеп-интернатының 94 түлегі ҰБТ-дан босатылған. Олар түрлі ғылыми жобалар мен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Биыл мектепті бітірген 304 түлектің 208-і Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, олардың 70-і «Алтын белгі» игері атанды. Ал 30 түлек ерекше аттестатқа қол жеткізді.

Үздік мектептер қатарында тұрған білім ордасының оқушылары халықаралық ғылыми жоба байқауларында да топ жарып келеді.

"Қазақстан ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін елімізге дарынды білікті мамандар қажет және осы мақсатта, Қазақстанның болашағын жарқын ету мақсатында мен химия пәнін таңдадым. Себебі химия пәнінен елімізде қазір мамандар тапшы", - дейді Бейбарыс Қамзабек есімді түлек.

Білім ордасын бітірген түлектер еліміздің түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. Олардың қатарында танымал саясаткерлер мен кәсіпкерлер бар. Бүгінгі таңда дарынды балалар мектебінің түлектері әлемнің беделді жоғары оқу орындарында білім алуда.

"Дүниежүзіндегі ең үздік оқу орны – Массачусетс технология университеті. Оған жылына тек 100-ге жуық шетелдік студентті қабылдайды. Ал біздің мектептен соңғы 10 жылдың ішінде Массачусетс технология институтына 6 оқушымыз түсті",-  дейді мектеп директоры Қайрош Мәкішев.

Мамандандырылған мектепке Ресей, Қытай, Гонконг, Сингапур елдері арнайы гранттар бөледі. Сонымен қатар ұлттық компаниялар да Жәутіков мектебінің түлектеріне үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беріп отыр.

«Бұл нәтиже біздің ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Ендігі мақсат – ел абыройын одан әрі асқақтату» дейді мектеп бітірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/779570-bir-mekteptinh-70-oqushysy-altyn-belgi-ie/