Астана күнінің ұйымдастырушылары танымал тележүргізушіге "ерсі" ұсыныс жасады
Опубликовано:
Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітова Астана күнініне арналған мерекелік шаралардың ұйымдастырушылары оған елордаға өз қалтасынан ұшып келуін айтып, қорлағанын мәлімдеді. Тележүргізушіні жұлдызды әріптестері қолдап отыр.
Бұл туралы Дана Нұржігітова өзінің Facebook парақшасында жазған.
«Маған жақында Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралардың біріне атсалысып жүрген ұйымдастырушылар хабарласты. Айтуларынша, шараның трансляциясы Қазақстанда, ТМД елдерінде және Еуропаның жартысының жуығына таралады екен. Осыған байланысты маған өз қалтамнан ақша төлеп Астанаға ұшып келіп, қызыл кілеммен жүруге ұсыныс айтылды. Маған баспасөз қабырғасының тұсында тұрып, барлық жерден келген репортерларға сұхбат беруге, жыл жаңалығының ортасында тұруыма мүмкіндік туады екен», - деп жазды тележүргізуші.
Нұржігітова ұйымдастырушылардың мерекеге өз қалтасынан қаражат төлеп кел дегені тіпті ерсі екенін айтты.
«Мен ойланып қалдым. Неге екенін білесіз бе? Баспасөз қабырғасының тұсында (ол құлап қалуы да мүмкін) жай ғана тұрып, қол бұлғау үшін барлығын тастап, өз қаражатына Астанаға келу үшін қандай атаққұмар болу керек?! "Мұндай "бір сәттік атаққа" қызығу үшін өзіңді қаншалықты құрметтеуден қалу керексің?! Адамға осыншама арзан қойылым ұсынып, қаншалықты құрметтемейтіндерін байқатты!", - деп ренішін жасырмады Нұржігітова.
Ұйымдастырушылардың мұндай ұсынысын тележүргізуші «ерсі» деп атады. Оның айтуынша ұйымдастуршылар қаржыны мереке қонақтары үшін үнемдеп қалмақшы.
«Құрметті ұйымдастырушылар! Одан да мені ешқашан да естеріңізге алмай-ақ қойыңыздар. Бұл жобаларды сіздер қалай жасайтыңдарыңызды мен енді білдім. Өз отандастарына, адамдарға деген сыйластық жоқ. Сіздер бюджетті жымқырумен айналысатындардың бірісіздер. Қонақтардың келіп-кетуін қамтамасыз ететін қаражат бөлінгеніне сенімдімін. Бірақ сіздерге келетіндер өз қалтасынан ақша шығарғаны тиімдірек! Сіздер бұл "тәтті ұсыныстан" ешкім бас тарпайтынына сенімдісіздер. Себебі мұндай эфир бәріне керек! Осылайша өз қонақтарыңды төмендетуден де тайынбайсыңдар! Мүмкін бұған келісетіндер табылатын шығар, бірақ мен емес. Мен қатты ашулымын! Маған бұған дейін мұндай төмен ұсынысты ешкім жасаған емес!", - деп жазды журналист.
"Бұл бассыздықты тоқтату керек. Бұл әртісті, тұлғаны кемсіту! Олар бұны түк болмағандай істеуде! Әлем бойынша кинофестивальдер мен мерекелік іс шараларда қызыл кілемге шығу үшін әртістерден ақша шығартады деп ойламаймын! Бұл біздің қазақи ноу-хау!", - деп түйіндеді журналист.
Нұржігітованың айтқанымен жұлдызды әріптестері - әнші Ляззат Аханова, тележүргізуші Мадина Балғабаева, скрипкашы Аида Аюпова, сондай-ақ өзге де тележүргізушілер мен әртістер келісіп отыр. Кейбіріне тіпті осындай ұсыныс түскен де көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/803206-qazaqstandyq-tanymal-telezhurgizushil/