RU

Алматылық букмекерлік кеңсе клиенттің 11 млн теңге ұтысын бермей қойды

Алматылық Асланбек Жамалов «Олимп» букмекерлік кеңсесінен 11 860 000 теңге ұтысын өндіріп ала алмай отыр. Оның сотқа берген арыздары пайдасын бермеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

2013 жылдың шілдесінде Асланбек Жамалов букмекерлік кеңседе 10 000 теңге экспресс-тігіс тігеді. Кассадағылар ең төменгі тігіс 20 000 теңге екенін айтқан соң клиент тігіс сомасын ұлғайтады. Сөйтіп, 11 860 000 теңге ұтып алады. Алайда, букмекер ұтысты төлеуден түбегейлі бас тартады.

Букмекер тігіс сомасы белгіленген мөлшерлемеден асып кеткендіктен ұтысты бермейміз деген сылтау айтады.

«Букмекерлік кеңседегілер түрлі желеу менің ұтысымды бермей отыр. Бұрындары талай ақша ұтылдым, оған ләм-мим деген жоқ едім. Енді бір ұтқан екенмін, ұтысымды бермей қойды. Соңғы рет тенниске тігіс тігіп, 8 ойынды дәл таптым. Алайда, букмекер ұтысымды бермеді», - дейді Жамалов.

Адвокат Сергей Уткиннің айтуынша, бүгінге дейін ешбір ойыншы ұтысына шағымданбаған және бірде-бір клиент сотқа жүгінген емес.

«Жоғарғы сот жәбірленушінің құқығын қорғауы тиіс. Әділ шешім шығарылады деп сенемін. Букмекерлік кеңсе өзінің ішкі ережелерін бұзды. Заң шығарушы органда ең жоғарғы немесе ең төменгі тігісті реттеу механизмі қарастырылмаған», - дейді Сергей Уткин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/810982-almatylyq-bukmekerlik-kenhse-klientt/