Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да полицейлер көлікте жыныстық қатынасқа түскендерді видеоға түсіріп, ақша бопсалады

Опубликовано:

ОҚО-да көлік ішінде жыныстық қатынасқа түскендерді бейнекамераға түсіріп, $1000 ақша бопсалаған Мақтаарал ауданының 3 полицейі құрықталды.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

"Бұл істі Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасы тергеп жатыр. Қызметкерлерге қатысты "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш полицей де қызметінен қуылып, қамауға алынды", - деп мәлімдеді ОҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Атышулы роликтің бас кейіпкерлері бірден полицейлердің үстінен сотқа шағым түсірген. Үш апта бойы тәртіп сақшылары тергеушінің сұрақтарына жауап беруге келмей жүрді. Екі полицейлер шу шыға салысымен сырқаттық демалыс алса, біреуі еңбек демалысына шығып кеткен. Алайда бұл олардың жазадан қашып құтылуына көмектеспеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/817548-oqo-da-policeyler-kolikte-zhynystyq-qa/