Сал ауруына ұшыраған балаларды оңалтудың қазақстандық әдістемесі «сылбыр» және көнерген деп аталды
Опубликовано:
Қазақстанда қолданылатын балалардың церебралды сал ауруына шалдыққандарды оңалту әдістемесі көнерген.
Мұндай пікірмен татарстандық профессор Уәлида Исанова бөлісті.
«Қазір сіздерде қолданылатын әдістеменің проблемасы оның сылбырлығында. Яғни қозғалысты сәби емес, нұсқаушы қолданады. Ал сылбыр қозғалыстар біздің есімізде сақталмайды – тек белсенді қозғалыстар ғана. Бұл жүйені өзгерту керек, халықаралық стандарттарды енгізген жөн», - деді ол шеберлік сыныбы аясында.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде осымен «пациентке белсенді ықпал ету» әдістемесін бұрыннан қолданылып келеді.
«Қазір біз бала белсенді түрде әлденені орындай алуға жағдай жасау үшін осы әдістемені ендіріп жатырмыз. Яғни, баланың денесін оның өз қозғалысын өзі реттеп отыратындай етіп жұмыс істеуге мәжбүрлейміз. Аталған технологияны қолдану көңілсіз күйде тұрған рецепторларды ынталандыруға болатын жағдай жасауға мүмкіндік береді», - дейді профессор.
Оның айтуынша, әдістеме БЦС-мен ауыратын науқастың бойында болған «қарапайым рефлекс стимулдарын» пайдалануға мүмкіндік береді.
«Ол үшін біз оған берілген алуан түрлі амалдарды, сан түрлі стимулдарды, соның ішінде онда болып, кетіп қалған қарапайым рефлекс стимулдарын пайдаланамыз. Оған қоса, есту талдағышы – біз пәрменді айқын айтамыз, жұмыс істеуге мәжбүр етеміз. Осының бәрі кешенді түрде мидың зақымданған аймақтарын белсендіріп, осыған дейін қатыспаған жүйке жасушаларының оянып, осы процеске тартылуына қосалқы мүмкіндіктер табуға мәжбүрлеу үшін қуатты серпіліс ағынын туғызады», - деп түсіндірді Исанова.
Уалида Исанова 1995 жылы жасап шығарған аталмыш оңалту жүйесінің авторы болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/830255-sal-auruyna-ushyraghan-balalardy-onhalt/