СҚО-да Ресейдің соңғы императоры II Николайдың мүсіні орнатылды
Опубликовано:
Петропавлға жақын жердегі Архангельск ауылында Ресейдің соңғы императоры II Николайдың мүсіні тұрғызылды.
Бұл туралы 7news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ескерткіш Ресейдің Челябинск облысы шеберлерінің қолымен салынған. Петропавлдық кәсіпкер Петр Вагнер мүсінді дайындап, орнату үшін 2 миллион теңге (10,5 мың доллар) жұмсапты. Петропавлдықтың айтуынша, оны өзінің өлкесі жайлы тарих қызықтырады екен.
Естуінше, 1891 жылы ол уақытта әлі тақ мұрагері, болашақ император II Николай осы жерлерде болып, «Знамение» деп аталатын Абалацтық иконасын жергілікті ғибадатханаға берген.
Өз туған ауылында Петр Вагнер 30 жылдары толықтай дерлік қиратылған аталмыш ғибадатxананы қалпына келтірген. Тіпті байырғы тұрғындар да шіркеудің шекарасын айтып бере алмаған.
"Біз іргетасын таппай тұрып, үш рет қазықты қайта қойдық. Жерден мыңдаған көне кірпіштерді көтеріп, шіркеудің басты бөлмесін қайта қалпына келтірдік", - дейді Вагнер.
Вагнердің пайымдауынаша, кейін ауыл тұрғындарының бірі кездейсоқ өзінің сарайында Абалацтық иконасын тауып алған.
Шіркеудің тасын қалау 2008 жылы басталған, қазір ол тұтас шіркеу кешені екен.
Таяу уақытта петропавлдық кәсіпкер «Плачущий крест» деп аталатын жобаны бастауға ниеттеніп отыр. Белгілі болғандай, ғибадатхана аймағында емдік судың көзі табылған. Оның жоспары бойынша, су кресті бар үлкен ыдысқа көтеріліп, ыдыстың айналасына сегіз колонналық күрке орналастырылатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/846587-sqo-da-pavlodarlyq-kasipker-reseylik/