Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасайтын дәрілер еркін сатылып жатыр

Опубликовано:

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заңның қажет екені жиі айтылуда. Бастама көтергендер осылайша кәмелетке толмаған балаларды зорлағандарды қатаң жазаға тартуды ұсынып отыр.

Ал кастрацияға қолданылатын медициналық препараттар бүгінде дәріханаларда еркін сатылады екен.

Сұмдық статистика. Ел ішінде кәмелетке толмаған балаларға қатысты жасалған қылмыс саны соңғы төрт жылда екі есе өскен. Былтыр 900-ден астам жеткіншекке сексуалды зорлық-зомбылық көрсетіліпті. Сондықтан Бас прокуратура «ер азаматтарды химиялық кастарция керек» деп қатаң жазаны бірінші болып қолдады.

Тілшілер әлеуметтік желілердің бірінде оқушының фотосуреті бар парақша ашып, 12 жастағы жасөспірімге кім қызығатынын анықтаған. Нәтижесінде, кішкентай қыздың аккаунтына 26 жастағы жігіт хат жазды. Әңгімелесе келе ол 12 жасар баламен кездесуге қарсы емес екенін жасырмады.

Педофилдерді химиялық кастрациялау Қазақстанда бүге-шегесіне дейін зерттеліп жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл шараны қолданған өзге елдердің заңдарын сарапқа салған.

"Бұл көкейтесті мәселе. Оны егжей-тегжей зерттеу қажет. Осыған қатысты әлі талай пікірталастар туындайды. Сондықтан біз әзірлеп жатқан іс-шаралар жоспарына химиялық кастрацияны қолданудың халықаралық тәжірибесін сараптауды енгізіп жатырмыз", - дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары Айгүл Тастанова.

Химиялық кастрация дегеніміз не? Инъекция арқылы тестостерон деп аталатын гормонның шығуын тоқтату. Бірақ бұл үшін инемен бір реттік егу жеткіліксіз. Қайта-қайта қайталап отыру қажет. Алайда бұдан инфаркт, инсульт секілді аурулар пайда болуы мүмкін, - дейді дәрігерлер.

"Адамды химиялық кастрациялау кезде оның психикасы, зат алмасуы өзгереді. Негізі бұл проблемалардың шешімі бір – қылмыскерлерді пышақ астына түсіру", - дейді  дәрігер-уролог Павел Шолох.

Химиялық кастрациялауға пайдаланатын препараттарды дәріханаларда табуға болады. Бірақ бұл дәрі-дәрмектер бүгінде басқа мақсатта қолданылады. Мәселен қуықалды безінің обырын емдеуге арналған  капсулалар. Бүгінде  бұл инъекциялар бала көтергісі келген әйелдер үшін сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/852877-qazaqstanda-pedofilderge-khimiyalyq-k/

pixel