RU

Айдын Айымбетовті әйелі мен үш баласы ғарышқа шығарып салады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағына күннің екінші жартысында Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын негізгі және қосалқы экипаждың келуі күтілуде.

Мәскеу түбіндегі Жұлдыздар қалашығындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында қазір ғарышкерлер мен астронавтарды Байқоңырға салтанатты түрде жөнелту бойынша соңғы  дайындықтар жүріп жатыр.

Негізгі экипаж: «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей  Волков, бортинженер-1, ЕКА астронавты Андреас Могенсен, бортинженер-2, Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов.

Қосалқы экипаж: командир - Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка, бортинженер-1 - ЕКА астронавты Тома Песке, бортинженер-2- Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьев.

Қазғарыштан хабарлағандай, Айдын Айымбетовтің әйелі Лилия, балалары - ұлы Әмір, қыздары Диана мен Даяна Жұлдыздар қалашығында және олар ғарышкерлер мен астронавтарды Байқоңырға салтанатты түрде жөнелту бойынша шараға қатысады.

Ғарыш айлағына келген соң экипажда ұшуға дайындықтың негізгі кезеңі аяқталады.

«Союз ТМА-18М»  кемесін кезекті экспедицияға ХҒС-ға ұшырту 2015 жылы 2 қыркүйек Астана уақытымен сағат  10:30 жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/857290-aydyn-ayymbetovti-ayeli-men-ush-balasy/