Ақтөбеде 16 жастағы қыз арзан көйлек үшін жезөкшелікпен айналысқан
Опубликовано:
Ақтөбеде 16 жастағы қыз бала арзан көйлек үшін жезөкшелікпен айналысқан.
Бұл туралы Ақтөбе Таймс басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Жеңгетай қаланың теміржол вокзалында 16 жастағы құрбанын 3000 теңгеге ұсынып келіпті.
19 жастағы жеңгетай мен бойжеткеннің таныстығы өткен жылдың желтоқсанында басталған. Ол қызды жезөкшелікпен ақша табу керектігін айтып, үгіттей бастайды. Алайда, кәмелет жасына жетпеген қыз бала мұндай іспен шұғылданбайтынын айтқан.
Кейін қызға көйлек алып беріп алдаған жеңгетай оны ақыры жезөкшелік жолға салып тынады. Ол қыз баланы көйлектің қарызын жезөкшелікпен айналысу арқылы өтеуге көндірген.
Кейін жеңгетайдың вокзал маңында қызды бірнеше рет 3000 теңгеге сатып келгені анықталды. Жезөкшенің қызметін пайдаланбақ болған 37 жастағы ер адам 8 март көшесіндегі №10 үйде болған былықтарды полиицяға баяндап береді.
Осыдан соң, 19 жастағы жеңгетай бар кінәсін мойнына алып, өзінің жұмыссыз екенін, бір өзі емшектегі сәбиін асырап жүргендігін айтқан.
Сот Мәртөк ауданының тумасы, жеңгетайлықпен айналысқан жалғызбасты келіншекті 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/869680-aqtobede-16-zhastaghy-qyz-arzan-koylek-ushi/