Жамбыл облысының әкімі дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионына пәтер сыйлады
Опубликовано:
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметовты қабылдап, үш бөлмелі пәтер кілтін сыйлады.
Жапон күресінің қыр-сырын жетік меңгерген Елдос жақында ғана Астана төрінде дзюдодан өткен әлем чемпионатында 60 кило салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтын медальға ие болған.
Сондай-ақ аймақ басшысы Елдостың алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұл мен қазіргі бапкері Ғалымжан Жылкелдиевке 1 200 000 теңгенің сертификатын табыс етті.
"Ендігі арманым – Олимпиада биігін бағындыру. Сол мақсатқа жету жолында жаттығу залында талмай тер төгемін", – дейді Елдос Сметов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/877518-zhambyl-oblysynynh-akimi-dzyudodan-qaza/