Алматыда лай көшкіні жүрді
Опубликовано:
Алматыда Наурызбай ауданында лай көшкіні жүрді. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметі растады.
Төтенше жағдай бүгін таңертеңгі 8:29-да "Алма" бау-бақша қоғамында орын алған.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, су жиналу салдарынан бау-бақша учаскесіндегі топырақ дымқылданып, соның салдарынан жолдың бұрылысында лай көшкіні жүрді.
"Қазселденқорғау" ММ-нің техникалары лай массасы жүруінің салдарын жедел түрде жойған. Қазіргі уақытта бұрылыс бөлігі қалпына келтірілді.
Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/880037-almatyda-lay-koshkini-zhurdi/