RU

Айымбетов алып барған харчо көжесі және құрт ХҒС-ға қатты ұнады

ХҒС-қа әкелінген харчо көжесі, сондай-ақ ұлттық құрт және ірімшік халықаралық экипажға қатты ұнады, деп мәлімдеді ҰБО-ХҒС-пен байланыстың тікелей телесеансы барысында тәуелсіз Қазақстанның бірінші ғарышкері Айдын Айымбетов, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен әкелген қазақстандық тағамдарды татып көрді, барлығына ұнады. Әсіресе, харчо көжесі, сондай-ақ құрт және ірімшік ұнады", — деді ол ҰБО-дан журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Жапондық астронавт Кимия Юи өз тарапынан атап көрсеткендей, ХҒС-ға белгілі брендтердің бірінің жапондық вискиінің аздаған көлемі жеткізілді.

"Иә, виски мұнда біраз уақыт болды. Біз оны, әрине, татып көрген жоқпыз, өйткені мақсатымыз оның орбитада өткен уақытта дәмі қалай өзгеретінін анықтау болатын", — деді астронавт.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/883259-ayymbetov-alyp-barghan-kharcho-kozhesi-zha/