Қазақстандық көріпкел әйгілі гипнозшының атындағы сыйлықты ұту үшін сынға түсуде
Опубликовано:
«Экстрасенстер шайқасы» атты ресейлік тележобаның 7-ші маусымының финалисі Бақыт Жұматова бір миллион рубль болатын Гарри Гудини сыйлығына үміткер.
Өз өнерін сарапшылар мен скептиктерге дәлелдей білген шоу қатысушысы осы сома көлемінде сыйақы алады.
Қазіргі таңда 46 жастағы қазақстандық көріпкелдің екі қарсыласы бар. Олар: 30 жылдан астам уақыт қолмен емдейтін әйел және "аруақтарды көріп, тілдесемін" дейтін медиум.
26 қыркүйек күні Мәскеуде Бақыт Жұматова алдын ала тестілеуден өтеді. Сынақ «түбегейлі» тәсілмен әр қатысушыға жеке-жеке дайындалады.
Премия аясында Бақыт Жұматованы қандай сынақ күтіп тұрған белгілі. Ол он жәшіктің бірінде жасырылған ақшалы конвертті таппақ. Тапсырманы орындау үшін оған сіріңке, су, тастар және бір колода карта қажет.
Сарапшылар кеңесі бұл реквизитті мақұлдады. Скептиктер тобының ішінде ресейлік ғалымдар, иллюзионистер мен журналистер бар. Олар Александр Панчин, Михаил Лидин, Кирилл Алферов, Николай Фомушин, Ася Казанцева және т.б. Барлық оқиға бейнетаспаға жазылады. Қатысушы төрт мүмкіндіктен өз қасиетін дәлелдеуі тиіс.
Алдын ала тестілеуден сүрінбей өткен жағдайда қатысушы финалға өтеді.
«Маған өте қызық. Мен үшін жаңа деңгей. Бұл «Экстрасенстер шайқасы» емес. Ол жерде қиын тапсырмалар болады. Мен өз қабілетімді, көріпкел екендігімді дәлелдеуім қажет. Бұған сенбейтін ғылымдар тексереді», - деді Жұматова sntat.ru-ға берген сұхбатында.
Қазақстандық экстрасенстің айтуы бойынша, келесі кезең ол үшін Америка – Гарри Гудинидің премиясы болмақ. Ол жерде жеңімпаз 1 миллион доллар алады. Десе де 50 жылда бұл жеңіске ешкім қол жеткізбеген.
Гарри Гудини – атақты америкалық иллюзионист, гипнозшы, aйлакерлерді әшкерелеумен және күрделі жағдайларда қашып, босап шығу сияқты айла-әрекеттермен әйгілі болған адам.
Гудинидің өмірінің әр түрлі эпизодтары талай рет көрсетілген. 1999 жылы оның өмірбаяны бойынша мюзикл, ал 2007 жылы «Қатерлі нөмір» киносы шықты. Онда Гудинидің рөлін австралиялық актер Гай Пирс сомдады, ал оның ғашығының рөлін — Кэтрин Зета - Джонс ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/884221-qazaqstandyq-koripkel-aygili-gipnoz/