Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте скрипкашы қыз театрдың терезесінен секіремін деп әріптестерін қорқытты

Опубликовано:

Шымкентте басшылықпен сөзге келіп қалған опера және балет театрының скрипкашысы терезеден секірмек болды.

Бұл туралы ТВК-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға кешкі уақытта орын алған. Жоғары қабаттың терезесіне шығып, жерге секіремін деп қорқытқан қызметкерді құтқару үшін полицейлер дереу жеткен. Өзіне қол жұмсамақ болған театр қызметкерін аман алып қалған психолог маман.

Психологтың айтуынша, алғашында бойжеткен қарсылық білдіріп, терезеден секіруге шын бекінгенін айтыпты.

Алайда, психолог қызды терезеден секірмеуге көндіріп, аман алып қалды.

Театр қызметкерлерінің айтуынша, скрипкашының өзін өлтірмек болғанына басшылықпен арадағы келіспеушілік себепкер болуы мүмкін.

Директор орынбасарының айтуынша, скрипкашыға жиналыста ауызша ескерту жасалған.

Бір қызығы, бойжеткен дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні өзіне қол жұмсамақ болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/888179-shymkentte-skripkashy-qyz-teatrdynh-ter/

pixel