RU

Астанада кассир бойжеткенді тепкен жігіт есінде ештеңе жоқтығын айтты

Қуаныш Тұракелдиев, Астанадағы Kinopark 8 кинотеатрында кассирді сүйіктісіне сусын ұнамай қалғаны үшін тепкенін айтты. Ол оған қалай тап бергені есінде жоқтығын, өзін басқара алмайтындай ашулы күйде болғанын алға тартты.

Бұл туралы "Новости-Казахстан" агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл себепсіз бұзақылық. Адамға жай ғана кока-коланың дәмі ұнамай қалған. Яғни басында әңгіме жігіттің сүйіктісі мен барменнің арасында туындаған. Коланың дәмі бойжеткенге ұнамай қалған. Сол арада жігіт балағат сөздер айтып, қолындағыны зардап шегушіге лақтырып жіберді. Құрықталған азамат өзінің қатты ызаға булыққаннан не істеп, не қойғаны есінде жоқтығын алға тартты", - дейді зардап шегушінің қорғаушысы Сырым Сүлейменов.

Бұдан өзге Қуаныш Тұракелдиевке тиесілі Instagram-аккаунтта кешірім сөздері жарияланған. Кеше ол жерде тек өзінің дұрыс жасамағандығы ғана жазылған болатын.

Еске салсақ, 14 қыркүйекте салқын сусын сатып алу кезінде 22 жастағы жігіт жанжал шығарып, кассир бойжеткенді тепкен болатын. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Кейін бұзақылық жасаған азамат премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектор Болат Тұракелдиевтің ұлы екені анықталды.

Астана қаласының ІІД полицейлердің бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Төбелес ашқан жігіт қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/892365-astanada-kassirdi-tepken-zhigit-eshtenh/