Имам секске салық жөнінде: Шариғат бойынша жұбайының көзіне шөп салған айыппұл емес, өлім жазасына кесіледі
Жарияланған күні:
Ақтөбе мешіттеріндегі қызметкерлер Қазақстан мұсылмандары одағының және Орталық Азиядағы мұсылмандар комитетінің сексуалды салық енгізу ұсынысын естіп, есеңгіреп қалған. Имамдардың ойынша, жұбайлардың жеке өміріне тұмсық сұғуға болмайды, ал шариғатта опасыздық үшін айыппұл емес, өлім жазасын кесу қарастырылған.
Бұл туралы «Диапазонға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ақтөбенің орталық мешітінің имамы Бақытбек Тәжімбет ҚМО-ның оғаш ұсынысына қатысты өз пікірін айтты.
«Ерлі-зайыптылар жеке қарым-қатынастарын құпия сақтауға толықтай құқылы. Неке қиылғаннан кейін қалыңдық күйеу жігіттен махр (материалдық құндылықтар) сұрауы тиіс. Одан басқа ештеңе қажет емес. Некеден тыс өзгемен жыныстық қатынастарға түскендерді айыппұлмен жазалау тым жұмсақ үкім болмақ. Адалдық антын бұзып, сезімді аяққа таптағандар әлдеқайда қатаң жаза алуы керек. Шариғат бойынша, егер екі тарап та бұған дейін некеге отырмаған болса, 100 рет қамшымен соғу жазасы тағайындалған. Ал егер жұбайының көзіне шөп салса, оған өлім жазасы кесілген. Бірақ біз өркениетті мемлекетте тұрамыз. Сол үшін бұл мәселені сотта шешу керек. Бірақ айыппұлмен емес», – дейді қаланың орталық мешітінің басшысы Бақытбек Тәжімбет.
Имам ҚМО-ның салыққа қатысты өзге ұсыныстарын да ақылға қонымсыз санайды.
Еске салсақ, жақында ҚМО мен Орталық Азияның мұмылмандар комитеті сексуалды салық енгізуді ұсынған болатын. Олардың ойлап тапқан жүйесі бойынша, бір жыныстық қатынасы үшін ерлі-зайыптылар 584 теңге төлеуі тиіс. Ал некеден тыс жыныстық қатынасқа түскені үшін - 1893 теңге төлеуі керек.
Бұл салық қиын кезде ел қазынасын толтырады деп санайды Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/908444-imam-sekske-salyq-zhoninde-sharighat-boy/