Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Балғымбаевтың қайтыс болар алдындағы хал-жағдайын президент біліп қайтқан

Опубликовано:

Нұрлан Балғымбаевтың қайтыс болар алдындағы хал-жағдайын біліп-қайтандардың арасында президент Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Бұл туралы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Атырауда қайтыс болар алдында ауыр халде жатқан Нұрлан Балғымбаевтың денсаулығын президенттен бөлек оның жерлестері Иманғали Тасмағамбетов, Болат Өтемұратов біліп қайтқан.

Қазақстан президенті 68 жасында созылмалы ауыр сырқаттан қайтыс болған экс-премьерді соңғы рет іс-сапармен Атырауға барғанда көрген.

Еске салсақ, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев көз жұмды деген қаралы хабарды марқұмның жақындары таратқан болатын.

Нұрлан Балғымбаев 1947 жылы 20 қарашада Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Өз мансабын Қазақстанның мұнай компанияларынан бастаған Нұрлан Балғымбаев Forbes нұсқасы бойынша, еліміздегі ең қалталы 50 кәсіпкер тізімінде 23 орынға тұрақтаған болатын.

Ол 6 жыл бойы Мәскеудегі Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде қызмет етіп, кейін Массачусетс университетінде білім алған. «Шевронда» тәжірибе жинақтап, Мұнай және газ өнеркәсібі министрі қызметінде болған.

2008 ж. ақпаннан бастап - ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі болды. 2009 ж. желтоқсаннан бастап — Eni итальяндық мұнай-газ компаниясымен бірге жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бас директор болды.

Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін Балғымбаев жеке бизнеспен айналысып, балалары Төлеген Балғымбаев және Самал Балғымбаевамен бірге «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясын» басқарды.

Соңғы жылдары Балғымбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясының салынып жатқан мекемелер дирекциясының бас директоры болып қызмет атқарған еді.

Қазақстан президенті мемлекеттік қайраткердің қазасына байланысты оның туыстарына көңіл айтып, хабарлама жіберді деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламада Балғымбаевтың экономика мен мемлекеттік басқармада орны ерекше болғаны, қайраткер бар білімі мен тәжірибесін еліміздің өркендеуіне сарп еткені жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/923407-nurlan-balghymbaevtynh-qaytys-bolar-al/

pixel