Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғымбаевпен қоштасуға лауазымды тұлғалар Атырауға 20-ға жуық чартерлік рейспен келді (фото)

Опубликовано:

Атырауда қалың жұртшылық еліміздің бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевпен қоштасты. Таңда марқұмның өз үйінде («Атырау» шипажайы маңындағы жағалауда) жаназа намазы оқылып, қоштасу рәсімі Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде өтті деп жазды Ақжайық басылымы.

Кеше кешке қарай Атырау әуежайына еліміздің әр өңірінен марқұммен қоштасуға ниет еткен жоғары лауазымды тұлғалар мінген 20-ға жуық чартерлік әуе рейстері қонды. Мұнайлы астананың беткеұстар деген қонақүйлері қонақтарға толды.

Қоштасу рәсіміне ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және үкімет атынан көңіл айту мәтінін оқыған премьер-министр Кәрім Мәсімов, бизнесмендер Тимур Құлыбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Нұржан Субханбердин, Зейнолла Кәкімжанов, Энергетика министрі Владимир Школьник, оның орынбасары Ұзақбай Қараблин, «ҚазТрансОйлдың» бас директоры Қайыргелді Қабылдин, «ҚазМұнайГаз» басшысы Сауат Мыңбаев, ТШО ЖШС-ның бас директоры Тим Миллер, сенатор Ләззат Қиынов, саясаткер Жармахан Тұяқбай (Н. Балғымбаевтың құдасы), Ораз Жандосов және тағы басқалар келді. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов вице-премьер Дариға Назарбаеваның, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің, Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің, Алматы әкімі Бауыржан Байбектің атынан көңіл айту мәтіндерін оқыды.

Жергілікті бұрынғы және қазіргі басшылар, парламент депутаттары ішінен Есен Тасқынбаев, Равиль Шырдабаев, Сағат Түгелбаев, Нұрпейіс Мақашев, Дүйсенбай Тұрғанов, Сәрсенбай Еңсегенов және тағы басқалар болды.

Нұрлан Балғымбаевты әулет қорымы, ел ішінде «Орбита» деп аталатын қорымға жерледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/925060-atyrauda-nurlan-balghymbaevty-sonhghy-s/

pixel