Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жезөкшелердің ордасына айналған монша анықталды

Опубликовано:

Алматы полициясы қалалық моншадан жезөкшелер ордасын анықтады. 38 жастағы жергілікті әкімші әйел монша қызметімен қатар, келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсыну арқылы пайда тапқан.

"Әкімшінің іс-әрекеті жезөкшелікпен айналысу үшін орда ұйымдастыру болып саналады. Алматы қаласы Медеу ауданында кешкі сағат сегіз жарым шамасында біздің бөлім қызметкерлері оның қитұрқы әрекетін әшкереледі. Әйел жеңгетайлық қызметі үшін 12 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды", - деді ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/930525-almatyda-zhezokshelerdinh-ordasyna-ayn/