Астанада алғашқы қар жауды (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 21 қазанда кеш бата Астана қаласында ауа райы бұзылып, күні бойы жауған жаңбырдың арты қарға ұласты.

Ал «112» желісі ертең, яғни, 22 қазан күні Астанада секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғатыны туралы смс-хабарлама таратуда.

Айта кетейік, 20 қазанда «Қазгидромет» алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн суытанынын хабарлаған еді.

Болжамға сүйенсек, 22 қазаннан бастап ауа райы түнде солтүстік өңірлерде 0-5 жылыдан 3-11 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде күн райы 5 градусқа дейін суытады.

(

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/930907-astanada-alghashqy-qar-zhaudy-foto/