Астанада алғашқы қар жауды
Опубликовано:
Түнде Астанада алғашқы қар жауды. Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген бейнематериалдарға назар аударатын болсақ, қар қалың жауған әрі боран соққан.
«Қазгидромет» РМК айпаратына сәйкес, 22 қазанда Астанада күндіз -2 -4 градус болады. Желдің жылдамдығы күшейген.
Ауа райы құбылмалы, қар жауады, көктайғақ болады. Ертең, 23 қазан күні елордада сынап бағанасы күндіз -2 -4 градус, ал түнде -7 -9 градусты көрсетеді.
Жұмада желдің жылдамдығы күшейіп, тұман түседі, қар жауады. Демалыс күндері Астанада +3 градусқа дейін жылиды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/931360-astanagha-alghashqy-qar-zhaudy/