RU

Ақтауда "бомждар" балалардың көзінше күшіктерді бауыздап тастады (фото)

Ақтаудың орталығында "бомждар" балалардың көзінше күшіктерді бауыздап тастады. Оқыс жағдайдың болғанын полицейлер мен тілшілерге 14 ықшамаудан тұрғындары айтқан.

Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

14 ықшамаудандағы 27 үй тұрғындарының шағымы бойынша ІІД тергеу жұмыстарын бастады.

"Балалар күшіктердің шәуілдеп жатқанын естіп, оларға көмекке жүгірген. Мен де барып қарасам, ол жерде "бомждар" күшіктерді тірідей бауыздап, азық етуге кіріскен. Бірден полиция шақырттым. Бұл айуандық, олар күшікті тірідей турап жатты. Біз көршім екеуіміз оларды тоқтаттық. Ер кісі мен әйел күшіктердің етін дорбасына салып қашпақ болған", - дейді тұрғандардың бірі Мұхтар Үмбетов.

Тұрғындар үй маңында тұрақты мекенжайы жоқтар қаптап жүретініне алаңдаулы.

Маңғыстаудың Ішкі істер департаменті әйел мен ер кісінің үстінен "жануарларды қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Түсініктеме берген тұрақты мекенжайы жоқ ер кісі иттерді туберкулезға шалдыққаннан кейін ем үшін турағанын айтып ақталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/945810-aqtauda-bomzhdar-balalardynh-kozinshe-k/