RU

Назарбаев қандай кітаптар оқиды? (фото)

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордадағы кітапханасының суреттерін жариялады.

Суреттер Ақорда баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Суретке қарап президенттің, әлем классиктерінің және қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларына қызығушылық танытанын байқауға болады.

Қазақстан президенті өзі ғана оқып қоймай, өзгелерге де оқуға кеңес береді. Осылайша екі жыл бұрын президент оқуға болатын кейбір кітаптарды жастарға ұсынған еді.

"Әлеуметтік желіде отырмай, оқу керек. Бұл қазір сәнге айналғанымен уақыт өте келе ұмытылып кетеді. "Хиппилер", сәнқұмарлар болған. Барлығы өтті. Бұл да өтеді", - дейді елбасы.

Сонымен қатар Назарбаев жанына жақын философ Сенеканың еңбектері екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/955732-nazarbaev-qanday-kitaptar-oqidy-foto/