Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендік жас жігіт жаңа аяқ киім алу үшін көшеде тыр жалаңаш жүрді (фото)

Опубликовано:

Өскемен көшелерін тыр жалаңаш күйінде кезген 22 жастағы жігіт тұрғындарды шошытты.

Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Менің бәтіңкелерім жыртылып қалды. Жаңасын алу керек еді. Біз достарымызбен әңгіме айтып отырып, бәстестік. Егер мен көшеде жалаңаш жүретін болсам, маған аяқ киім алып беретін болды. Бұл талапты орындамасам, бұдан да ауыр «жаза» күтіп тұр еді. Сондықтан, мен көшеде жалаңаш жүруді жөн санадым», - дейді өзін Әділ деп таныстырған жігіт.

Оның айтуынша, көшеде өзін жалаңаш күйінде көрген тұрғындар оның бұл әрекетіне күлімдеп қана қараған.

«Мен Шыңғысханның «Егер қорықсаң, істеме. Ал істей бастасаң, қорықпа» деген сөзін есіме алдым. Сөйттім де, алға бастым. Бір жыл өткен соң мен бұл әрекетіме шын көңілден күліп алатын шығармын. Мен фрилансермін. Мені қызықтыратын істер көп. Мен өзімді іздеп жүрмін. Бүгінге дейін түрлі жұмыс істедім: кәуап пісірдім, тәтті мақта дайындап, ірі дүкендер желісінде сатушы да болдым. Құрылыста да істедім. Негізі, мен салауатты өмір салты мен спортты жақсы көремін», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/956617-oskemendik-zhas-zhigit-zhanha-ayaq-kiim-alu/